«Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ директорлар кеңесінің құрамы

«Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ директорлар кеңесінің құрамы

  1. Ералиев Абзал Жұмашұлы — тәуелсіз директор
    Туған жылы: 1960, Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы
    Білімі: Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалы, «Инженер-құрылысшы» мамандығы
    Еңбек өтілі:

    • Қызылорда үй құрылысы комбинаты құрылысының шебері, құрылыс шебері, прораб, монтаждау учаскесінің бастығы (1984-1994)
    • Күріш өндіретін компанияның негізін қалаушы «Абзал және компания» толық серіктестігі (1994-03.2016)
    • Күріш өндірушілер және қайта өңдеушілер қауымдастығының президенті (2008-03.2016)
    Сайланбалы лауазымдары, депутаттығы:
    • Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты (2012-03.2016)
    • ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі (24.03.2016-01.2021)
    Мемлекеттік және халықаралық наградалар:
    • «Құрмет» ордендері (07.12.2010), «Отан», Алтын жұлдыз белгісін және «Отан» орденін тапсырумен Қазақстанның Еңбек Ері атағы (2013)
    • Мерейтойлық медальдар: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (25.08.2005), «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» (10.11.2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «МЕЦЕНАТ» алтын медалі (2012)
    • Төсбелгісі: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» (2013), «Құрметті Құрылысшы» (2015), «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2015)
    • Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Сырдария ауданының Құрметті азаматы
    • «Спортты қолдағаны және дамытқаны үшін» номинациясы бойынша «Алтын жүрек» сыйлығының лауреаты (2015), «Халық сүйікті - 2015» ұлттық сыйлығының «Жыл бизнесмені»

  2. Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы — директорлар кеңесінің мүшесі
    Туған жылы: 1969, Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы
    Білімі: Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институты, «Инженер-механик» мамандығы
    Еңбек өтілі:

    • Жалағаш аудандық «Асар» қауымдастығының инженер-механигі (1994-1998)
    • «Таң» ауылдық округінің әкімі (1998-2003)
    • «Тан ЛТД» ЖШС директоры (2003 жылдан бастап)
    Сайланбалы лауазымдары, депутаттығы: Қызылорда облыстық мәслихатының VI-VII шақырылымының депутаты
    Наградалар:
    • «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, Алтын жұлдыз, «Отан» ордені (2023)
    • «Құрмет» ордені (2021), «Ерен еңбегі үшін» медалі
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерейтойлық медальдары
    • Қызылорда облысының және Жалағаш ауданының құрметті азаматы (2022)

  3. Сақтағанов Қанағат Жанайбекұлы — тәуелсіз директор
    Туған жылы: 1966 жыл, Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы
    Білімі: Алматы сәулет-құрылыс институты, «Инженер-технолог»; Қызылорда инженерлік-экономикалық институты, «Қаржы бакалавры»
    Еңбек өтілі: «Асар» ЖШС бас құрылтайшысы (1997 жылдан бастап)
    Сайланбалы лауазымдары, депутаттығы: VIII шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі

  4. Махамбетов Асқар Аралбайұлы — тәуелсіз директор
    «Best service» ЖШС құрылтайшысы

  5. Зебешев Ардақ Темірханұлы — директорлар кеңесінің мүшесі
    Туған жылы: 1981, Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы
    Білімі: М.Әуезов атындағы ОҚМУ (2003), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (2006), King's College London (2014), Warwick Business School (2019)
    Еңбек өтілі:

    • ОҚО әкімі аппаратының Шаруашылық басқармасы филиалының директоры (2003-2004)
    • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы байланыстар және инвестициялар бөлімінің бас маманы (2004-2006)
    • ҚР СІМ Өзбекстан Республикасындағы ҚР Елшілігінің үшінші хатшысы (2006-2007)
    • ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі министрі кеңсесінің екінші хатшысы (2007-2010)
    • ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің бас сарапшысы (2010-2016)
    • «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС халықаралық қатынастар департаментінің директоры (2016-2017)
    • «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ Басқарма төрағасы хатшылығының басшысы (2017-2018)
    • Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (2018-2019)
    • Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі БҰҰ ЕЭК Конвенциясы бюросының төрағасы (2019-2021)
    • ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыру басқармасының басшысы (2019-2020)
    • ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары (03.2020-09.2021)
    • ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы (09.2021-02.2024)
    • Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2024 бастап)

  6. Тәуіпбаева Молдир Сұлтанбекқызы — директорлар кеңесінің мүшесі
    Туған жылы: 1978 жыл, Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы
    Білімі: Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1999), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (2016), Алматы менеджмент университеті (2017), Оңтүстік Калифорния университеті (2025)
    Еңбек өтілі:

    • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтуші-зерттеуші (1999-2001)
    • Қызылорда инженерлік-экономикалық институтының кафедрасының ассистенті, оқытушысы (2001-2008)
    • «Weatherford» компаниясының сатып алу, есепке алу және логистика бойынша үйлестірушісі (2008-2012)
    • Қалалық мәдени-демалыс паркінің директоры (2013-2016)
    • «Байқоңыр» ӘКК» АҚ индустриялық-инновациялық жобалар департаментінің директоры (2016)
    • «Автобус паркі» ЖШС қаржы директоры (2016-2017)
    • Қызылорда қаласы әкімдігінің бөлім басшысы (2017-2025)
    • Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы (15.09.2025)

  7. Бердібаев Ерлан Құлахметұлы — директорлар кеңесінің мүшесі
    Туған жылы: 1963, Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы
    Білімі: Алматы халық шаруашылығы институты, Қазақ гуманитарлық заң университеті, заңгер, экономист
    Еңбек өтілі:

    • Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің уақытша мемлекеттік кірістер инспекторы, экономист (1984-1987)
    • №239 орта мектептің оқытушысы (1987-1989)
    • «Талап» совхозының экономисі, аудандық әкімшілік жанындағы экономикалық комитеттің бөлім меңгерушісі (1989-1996)
    • Қаржылық валюталық бақылау комитетінің Қызылорда облыстық бөлімінде ревизор, басқарма бастығы (1996-1998)
    • Салық полициясы комитетінің басқармасында жұмыс (1998-2009)
    • «Болашақ-Шиелі» ЖШС директоры, Қызылорда қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары (2010-2020)
    • Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы (2020-2025)
    • «Байқоңыр» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы (2025 жылдан бастап)